Қазақстан • 27 Ақпан, 2019

Петропавлда теннистен халықаралық турнир өтуде

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 жасқа дейінгі жасөспірімдер жиналған айтуды дода 2 наурызға дейін жалғасады.

Петропавлда теннистен халықаралық турнир өтуде

Ұйымдастырушысы  Солтүстік Қазақстан әкімдігі мен Қазақстан теннис федерациясы болып табылатын «ITF JuniorsG4» бәсекесіне Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан жүзден астам жас теннисшілер қатысып, жеңімпаздар анықталатын болады.

Турнирдің ашылу  салтанатында сөйлеген сөзінде аймақ басшысының орынбасары Мадияр Қожахмет соңғы жылдары өңірде үлкен тенниспен шұғылданушылар қатарының көбейіп келе жатқанын, оған былтыр  атақты велошабандоз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров атындағы  әмбебеп теннис орталығының пайдалануға берілуі айтарлықтай ықпал еткенін жеткізді.

Алғашқы кезеңде іріктеу жарысы өтіп, одан сүрінбегендері ақтық сайысқа жолдама алады.

Турнирге Orda invest, Terra Motors, Argymaq, Beeline секілді белгілі фирмалар демеушілік көрсетіп отыр.

Сөз арасында  Болат Өтемұратов басқаратын Қазақстан теннис федерациясы  халықаралық, аймақтық ірі жобаларды ұйымдастырып,  қолдау көрсетіп келе жатқананын айта кеткен жөн.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Солтүстік Қазақстан облысы