Әлем • 27 Ақпан, 2019

Каирдегі өрт: 20-дам астан адам қаза тапты

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каирдегі Рамсес вокзалындағы ірі өрт салдарынан 20-дан астам адам қаза тауып, 40 адам зардап жетті.

Каирдегі өрт: 20-дам астан адам қаза тапты

Құтқарушылардың мәліметінше, пойыз басқа бір пойызбен немесе платформамен соқтығысып, артынша өртенген. Куәгерлер жарылыстың дыбысын естіген.

Ассошиэйтед қаза тапқандар саны өсуі мүмкін екенін хабарлады.

Қазір оқиға орнында қалың түтін ғана көрініп тұр, ол жерге ондаған жедел жәрдем көлігі, құтқарушылар және өрт сөндірушілер жұмылдырылған.

Қарлығаш ҚҰРАМЫС,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар