«Адалдық кафесінің» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылған. «Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажет тағамдарды алып, ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі, барлық тағамды колледждегі аспазшы мамандығында оқитын студенттер дайындайды. Бұл студенттердің оқудан бөлек тәжірибелік дағдыларын дамытуға септігін тигізеді»,- дейді департаменттің баспасөз хатшысы Динара Лұқпанова.
Жастарды адалдыққа, қайырымдылыққа шақыратын жоба аясында түскен қаржы оқу орнында білім алып жатқан жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі студенттердің қажеттілігіне жұмсалады.
Бақытгүл БАБАШ,
«EgemenQazaqstan»
АТЫРАУ