27 Ақпан, 2019

Бірінші Халықаралық «Design Thinking Fest» 2019 фестивалі өтті

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» және «Жастар жылына» орай ұйымдастырылған шара «Image. Shape. Identity» зергерлік бұйымдарды әзірлеу және «Sustainable design challenge» экологиялық материалдарды пайдалану конкурстары мен тақырыптық шығармашылық көрмелері аясында өтіп, отандық және шетелдік дизайнерлер мен сәулетшілердің шеберлік сыныптары таныстырылды.

Бірінші Халықаралық «Design Thinking Fest» 2019 фестивалі өтті

Фестивальге жиналған әлеуетті жұмыс берушілер, өндірістік компаниялардың өкілдері «Жаһандану дәуірінде білім, ғылым мен өндірістің дамуы және интеграциясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында ой бөлісті. Италияның Қазақстандағы Елшісі және Сильвия Форментин бастаған итальяндық iDOGI компаниясы фестивальдің құрметті қонағы болды. iDOGI компаниясы бүкіл әлем бойынша көркем аспалы шамдарды, жарық үстелдерін және басқа да арнайы көркем туындыларды безендіруге мамандандырылған.

Байқауға әкелінген жұмыстарды бағалаған халықаралық сарапшылар дизайндағы жаңашылдық, даралық, авторлық стилімен ҚазБСҚА «Өнеркәсіптік дизайн" факультетінің 4-ші курс студенті Руслан Петровтың жұмысына жоғары баға берді. Оның эскиздері бойынша әлемге әйгілі венециялық шыны үрлегіштер екі жүз килограммдық аспалы шам құрастырып шығарған. Салтанатты шара соңында жас дарынға арнайы диплом табысталды. Шеберлер туындыны университет мұражайына сыйға тартты.

Италияның Қазақстандағы Елшісі жас дизайнерлерге өздерін көрсетуге мүмкіндік беретін  мәдени оқиғаларды жариялау ағымдағы сәтте басымдық болып табылатынын жеткізіп, Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы ректорына арнайы сый-сияпат жасады.  

Жібек АҚДАРИ,

студент

АЛМАТЫ