27 Ақпан, 2019

Жастар жылына арналды

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жастар жылы қоғам жастарының әлеуетін жақсарту мен дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру міндеттерін айқындап берді. Осыған орай «Тұран» университетінде Алматы қаласындағы студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының бірінші қысқы мектебінің ашылу салтанаты өтті.

Жастар жылына арналды

Жастар ісі жөніндегі комитет басшыларын, студенттік кеңестердің көшбасшылары мен ЖОО белсенділерін жинаған ауқымды шара университеттің мәжіліс залында өтті. Шара барысында "Тұран" университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Алматы қаласы бойынша еріктілер лигасының жетекшісі Сәуле Түсіпова бірнеше тренинг өткізді. Тренингтер бүгінгі күннің басты талабы тек қана мамандар даярлау және студенттерге үздік білім беру ғана емес, олардың бос уақыттарын сапалы өткізуіне арналды.

Еріктілер лигасы жетекшісінің айтуына қарағанда, бүгінде Алматы қаласы бойынша еріктілердің саны бес мыңнан жоғары. Ерікті болу оңай емес, ол – мәртебелі іс деген әрбір жас тренинг барысында тіл білумен қатар өзге де қабілеттерге ие болуы керек екеніне көз жеткізді. Әсіресе, нетворкинг форматында өткен тренинг сөйлесу мен қарым-қатынас жасауды қалыпқа келтіруге үйретеді. Оның идеясы адамдардың мамандығы мен мансабына, қоғамдағы статусына қарамастан, жақсы қарым-қатынасқа түсу. Яғни, бір уақытта, танымал саясаткер, жұлдыздан аула сыпырушыға дейінгі аралықта келісім деген сөз. Іс-шараға «Алматы Марафон» ұйымдастырушылары да қатысты.

Тәжірибе мен идеялар алмасу үшін диалог алаңын қалыптастыруға, алматылық студенттердің өзекті мәселелерін талқылауға жиналған жиырмаға жуық оқу орны жастары шара соңын Afterparty форматында тәмамдады.

Жібек АҚДАРИ,

студент

АЛМАТЫ