«Нұр Отан» партиясының съезінде Президент Н. Назарбаев азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейіне қол жеткізуді негізгі басымдық ретінде атады. Парламент Сенаты Елбасының жаңа әлеуметтік доктринасын заң жүзінде қолдауды қамтамасыз етеді» делінген Сенат Төрағасының туиттердегі парақшасында.
«Мемлекет 2019-2021 жылдары негізгі әлеуметтік міндеттерді шешу үшін бюджеттен 2,3 триллион теңгеден астам қаржыны қосымша бөлетін болды. Қазіргі дүниедегі мемлекеттердің ішінде халқының санына қарай табысы аз азаматтарға осындай ауқымды әлеуметтік көмек көрсететін елдер аз» деп жазды Қ.Тоқаев.