Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

«Нұр Отан» партиясы үлкен саяси күшке айналды - Ерлан Сыдықов

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 «Нұр Отан» партиясы үлкен саяси күшке айналды - Ерлан Сыдықов

– Бүгінде «Нұр Отан» партиясы еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып, үлкен саяси күшке айналды. Партияның кезекті съезінде қоғамдағы ең өзекті мәселелер айтылып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік мәселелерді шешу міндеттерін айқындап берді.

Съезде 2030 жылға дейінгі 10 бағыттан тұратын жаңа бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама халықтың әлеуметтік, экономикалық ахуалын көтеруге бағытталған. Бұған қажетті қаржы бөлінеді. Халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту елдегі барлық мәселелердің оң шешімін табуға оң әсерін тигізеді. Биылғы жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыру бастамасы да адам капиталын арттыруға үлкен үлес қосады деп сенемін.

Білім саласына қатысты жоспарларға тоқталсақ, білімсіз келешек жоқ. Біз әлемдік бәсекелестікке қадам бастық. Сол бәсекелестікте жеңіске жетудің, басып озудың бірден-бір жолы – білікті, білімді жас­тар тәрбиелеу. Партия осы сала бойынша да тиісті шараларды жүзеге асыруда.

Ерлан СЫДЫҚОВ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20