Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында қазақ күресінен чемпионат өтті

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында  қазақ күресінен чемпионат өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында қазақ күресінен чемпионат өтті

Жеңімпаздар «Әскер барысы» атағын иелену құқығына ҚР ҚК-ның чемпионатына қатысады. Балуандарға 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары екі салмақ дәрежесінде  бақ сынасуға тура келді. Сайыс қорытындысы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші Мұратбек Аекешов «Әскер барысы» атағының жеңімпазы мен жүлдегері атанды. Ал жеңіл салмақта мерзімді әскери қызметтің қатардағы жауынгері Тұрсын Байзақ жеңімпаз атанды. Жалпы командалық есепте Ақтөбе командасы бірінші орынды, Атырау екінші, ал үшінші орынды Ақтау командасы жеңіп алды. Іріктеу сайысының жеңімпаздары ағымдағы жылғы наурыздың 15-і мен 17-і аралығында Семей қаласында өтетін «Әскер барысы» атағын ие болу құқығына ҚР Қарулы Күштерінің чемпионатына қатысады. Қазақстан армиясында дене даярлығы мен спорт жауынгерлік даярлықтың негізі болып табылатынын айта кету қажет. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ұдайы негізде президенттік тестілер, ай сайын дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырады. Ал жыл соңында қорытынды тексерісте өздерінің көрсеткіштерін растайды.