Қысқы спорт • 28 Ақпан, 2019

Полторанин допинг қолданғаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының үздігі Алексей Полторанин Аустрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде допинг қолданды деген айыппен ұсталды деп жазады vesti.kz  сайты.

Полторанин допинг қолданғаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сайттың мәліметінше, Полтораниннен бөлек, эстониялық шаңғышылар Андрус Веерпалу мен Карел Таммъярв және екі аустриялық спортшы Макс Хауке пен Доминик Бальдлауф ұсталған. Бұл шаңғышылар кеше әлем чемпионаты аясындағы 15 шақырымдық классикалық жүріс бойынша жарыс алаңына шығу керек болатын. Алайда бұл спортшылардың бірде-бірі кешегі жарыс жолына шыққан жоқ.

Бұл ақпаратты сәл кейінірек Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) да растады. «Спортшыларды ұзақ уақытқа созылған тексеру операциясынан кейін ұстадық. FIS үнемі Аустриялық тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істейді. Антидопинг тексеруін бұдан әрі жалғастыра береміз», деп жазады FIS-тің ресми сайты.

Ал Sport24.ru сайтының мәліметінше, спортшыларды алдағы екі күн бойы тексермек. Егер олардың допинг қолданғандары расталсе, Аустрия заңымен 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Өйткені, Аустрия басқа елдерге қарағанда, допинг қолданған спортшылардың үстінен қылмыстық іс қозғайды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50