Бұл соманың негізгі бөлігі АҚШ долларын сатып алуға жұмсалған. Атап айтар болсақ, осы елдің валютасын сатып алуға 94,8 миллиард теңге жұмсалыпты. Сондай-ақ Ресей рублін алуға – 32,5 миллиард теңге, еуро ауға 14,9 миллиард теңге кеткен.
Айта кетерлігі, бұл сома алдыңғы айлармен салыстырғанда 36,1 пайызға аз. Ұлттық банк мұның себебін халықтың шетел валютасына деген маусымдық сұранысының азаюымен түсіндіреді.
Жалпы, қаңтарда АҚШ долларының құны 373,66-381,38 теңге аралығында өзгерді. Ай соңында теңгенің биржалық бағамы бір айда 1,1%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 380,06 теңге болды.