28 Ақпан, 2019

Шымкенттік этнос өкілдері: «Қазақ халқының жақсылығын ешқашан ұмытпаймыз»

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Алғыс айту күні мерекесіне орай «Ықылас күні» аталып өтті. Саяси депортация қасіретін бастан өткізген этнос өкілдерінің бүгінгі буыны, қиын-қыстау жылдары пана болып, қолдау көрсеткен қазақтардың бүгінгі ұрпақтары тұратын шаңырақтарға барып, ықыласты алғысын білдіреді.

Шымкенттік этнос өкілдері: «Қазақ халқының жақсылығын ешқашан ұмытпаймыз»

Сондай азаматтардың бірі түрік этносының өкілі Тұрымбек Османов.  айтулы күнде түбіміз бір түркі деп ата-бабасына пана болған Ақылбек Ахметбай ақсақалдың отбасына барып, қазақ ағайындарға риасыз ризашылығын жеткізді.

Дәл осы күні шаһардағы корей, грек, иран этномәдени бірлестіктері мен «Ынтымақ» этносаралық бірлестігінің жетекшілері де  қамқоршыл отбасыларға достықтың белгісі ретінде арнайы сыйлықтар тарту етті.

«Солақай саясаттың салдарынан біздің ата-бабаларымыз 1944 жылы Грузияның Ахысқа аймағынан қазақ жеріне қоныс аударды. 8 баласымен Шымкенттің маңындағы Қызылсай ауылына тап болған біздің бабаларымыз яғни Османовтар әулетін сол кезде Ахметбай ақсақал қабылдап, қоржын тамының бір бөлмесін ұсынды. Өздерінің басындағы қиын жағдайға қарамастан бір үзім нанымен бөлісіп, аштықтан, аурудан титықтаған халықты аман алып қалды. Осындай мейірімділігі үшін қазақ халқына шексіз ризашығымды білдеремін»,  дейді түрік азаматы.

Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағынауданында тұратын қос әулеттің ұрпақтары бүгінде бірге туған бауырлардай өзара тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді.

Сондай-ақ, мереке аясында қалалдағы 16 этномәдени бірлестіктердің төрағалары тар заманда бір үзім нанды бөліп берген ақкөңіл қазақ шаңырақтарына барып, қазақ халқының этностарға жасаған жақсылығын еске алды.