Аймақтар • 28 Ақпан, 2019

Астана қаласында 900 орындық жеке мектептің құрылысы туралы Меморандумға қол қойылды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 28 ақпанда, Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мемлекеттік мекемесі, Астана қаласының білім басқармасы және «CA GARDEN SCHOOLS» ЖШС  «Astana Garden School» жеке мектебін салу жобасын бірлесіп жүзеге асыру мақсатымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Астана қаласында 900 орындық жеке мектептің құрылысы туралы Меморандумға қол қойылды

Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестігін нығайтуға бағытталған, «Astana Garden School» жеке орта мектебін салу жобасын жүзеге асыруға жағдай жасайды және одан әрі ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін айқындайды.

Меморандумға қол қою рәсіміне Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы Әлішер Әбдіқадыров, Астана қаласының білім басқармасының бастығы Әнуар Жанғозин және «CA GARDEN SCHOOLS» ЖШС директоры Болат Насықызы қатысты.

Болат Насығазыдың: «Бүгінгі таңда компания жалпы құны 1,200 млрд. теңге болатын 900 орындық орта мектепті салу бойынша жобаны жүзеге асыруға дайындалуда. Инвестициялық келісімге ҚР СІМ-нің инвестициялық комитетімен бірлесіп қол қойылады», деді.

1,8 га бөлінген жер телімі Астана қаласының Мәңгілік Ел, 28 көшесі, Әлихан Бөкейхан және Улы Дала көшелерінің алаңында орналасқан.

Құрылыстың басталуы 2020 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланған. Мектеп 2021 жылдың қыркүйегінде өз жұмысын бастайды.

Болат Насығазы сондай-ақ, осы жер учаскесінде келесі бастауыш мектеп (primary school) 0-6 сыныптар мен орта мектеп (secondary school) 7-9 сыныптар үшін негізгі ғимарат, 10-11 сынып оқушыларына арналған орта мектеп (high school), балабақша (kindergarten), 100 адамнан тұратын жоғары сынып оқушыларына арналған жатақхана салынатындығын атап өтті.