Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Астананың экскурсоводтары мен музей қызметкерлері біліктілігін арттырды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатысушылар музейге келушілерге барынша адал кеңістік құру аспектілерін талқылап, жаңа технологияларды қолдану арқылы өзінің бірегей өнімін құру бойынша практикалық тренингтер өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Астананың экскурсоводтары мен музей қызметкерлері біліктілігін арттырды

26-28 ақпан аралығында «Астана Конвенцшн Бюро» ЖШС Санкт-Петербургтің тәжірибелі халықаралық жаттықтырушыларымен бірлесіп Астана қаласының туристік нысандарына экскурсиялық қызмет көрсету және мұражай педагогикасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын өткізді.

Мемлекеттік Эрмитаж әдіскері Марина Чекмарева және көркемөнер Академиясының өнертанушысы Елена Королькова, психотерапевт Аркадий Кузнецов курсқа қатысушылар мен музейге келушілерге барынша адал кеңістік құру аспектілері туралы айтып, жаңа технологияларды қолдана отырып, өзінің бірегей өнімін құру бойынша практикалық тренингтер өткізді.

Курстарға Қазақстан Ұлттық мұражайының, Әскери-тарихи мұражайдың, С.Сейфуллин атындағы мұражайдың, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы мұражайы мен кітапханасының, Болашақ энергиясы мұражайының (Нұр Әлем), «АЛЖИР» мемориалдық кешенінің, Бейбітшілік және келісім сарайының, Тәуелсіздік сарайының, «Астана-Бәйтерек» монументінің, «Атамекен «Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің әдіскерлері қатысты. Курстан 80-нен астам экскурсовод пен мұражай қызметкері өтті.