Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Елжан Біртанов: Мейірбикелердің жалақысы 100 мыңға дейін өседі

939 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 1 шілдеден бастап жалақысы төмен барлық медбикелер және кіші медициналық персоналдың жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Елжан Біртанов: Мейірбикелердің жалақысы 100 мыңға дейін өседі

«Мысалы, мейірбикенің орташа жалақысы 76 мыңнан 100 мыңға дейін көтеріледі. Ал кіші медициналық персоналдың айлығы 48 мыңнан 64 мыңға артады. Оған қоса, жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлердің жалақысы да ұлғаятын болады. Жалпы, 225 мыңнан астам медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі. Осыған орай, 2019 жылы республикалық бюджеттен 37,6 миллиард теңге, ал 2020 жылдан бастап 78,7 миллиард теңге бөлінеді», - деді министр Үкімет отырысында. Есеріңізге сала кетейік, кеше «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің айлығын 30 пайызға көтеруді тапсырған болатын. Бұдан бөлек, әкімдік қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көтеріледі. Осы мақсатта 1 триллионға жуық қаржы бөлінбек.