Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Алматыда «Көктем-2019» оқу-жаттығу шарасы өтті

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда арнайы жасақталған мамандардың қатысуымен «Көктем-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығу шарасы  өтті. Жауапты қызмет өкілдері өздерінің көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді.

Алматыда «Көктем-2019» оқу-жаттығу шарасы өтті

Оқу-жаттығу жұмыстарының нәтижесінде Қарғалы өзенінің Алатау ауданы аумағына қарасты 1,5 шақырымы мұздан тазартылды. Мамандар өзенге жақын орналасқан үйлерге төнген қауіп толықтай сейілгенін айтады. Оған қоса төтенше жағдайдың алдын алу аясында 50 шақырым аумақтағы қала өзендерінің арналары бекітілген.

«Екі жылда атқарылған жұмыстардың арқасында, 55 учаскіде қауіп жойылды. Қазір қала бойынша 12 нүкте ғана қалып отыр. Оның алтауы Алатау ауданында, төртеуі Жетісу ауданында орналасқан. Бүгінгі таңда Алатау ауданындағы 4 учаскіде арық жүйесін салудың жобалық құжаттары дайын, тағы екеуі рәсімделу үстінде», – дейді Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков.

Алматы қаласының бірқатар ауданы тау шатқалдарына жақын орналасқандықтан, бұл аумақтардағы сақтық шаралары барынша күшейтілген.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ