Аймақтар • 01 Наурыз, 2019

ШҚО Аягөз ауданына 3 жаңа қазандық қойылады

257 реткөрсетілді

Аягөздің жылу мәселесі ақыры өз шешімін тапқан секілді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Аягөзге жасаған жұмыс сапары барысында айтты.

Аймақ басшысының сөзіне сенсек, облыстық бюджеттен Аягөздің жылу жүйесіне 250 миллион теңге қаржы бөлінбек. «Меншік иесінен сатып алып, бу қазандықтарын толығымен жаңартамыз. Енді үш қазандықты да жаңадан қоямыз. Бірер күнде жұмыстар басталады. Амандық болса, биылғы 1 қыркүйекке дейін Аягөз қаласы жаңа жылу қазандықтарымен толық қамтамасыз етіледі. Сәрсенбі күні арнайы мамандар келіп, бұл істі бастайтын болады. Алматыдан да арнайы мамандарды шақыртып отырмыз. Біз бұл мәселені толығымен шешеміз», - деген облыс әкімі өзінің Аягөз ауданына бір жылдың ішінде 6 рет келгенін жеткізді.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар