Қоғам • 01 Наурыз, 2019

Демографиялық ахуалды жақсартады

819 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Демографиялық ахуалды жақсартады

«Әр бала өз несібесімен туады» деп білетін халықпыз. Басы­нан қандай қиын кезеңдер өтсе де, жетімін жылатып, жесі­рін қаңғыртпаған елміз. Баба­лардың сол салты жаңа ғасыр­да да маңызын жойған жоқ. Біз бү­гінде екі есе бақыттымыз дер едім: тәуелсіз еліміз бар, жыл са­нап нығайып келе жат­қан мем­лекетіміз бар. Елбасы сая­­­са­тының арқасында алыс­тағы ауыл халқы да замана кө­ші­нен қалмай, жарқын бола­шақ­қа сенім артып отыр. «Нұр Отан» партиясының кезек­ті съе­зін­де Мемлекет басшы­сы­ның әлеу­меттік мәселелерге ма­­ңыз бергені «Алтын алқа» и­е­гері ретінде мені де тол­қыт­­­ты. Қолдайтын, қор­ғай­тын мем­­ле­ке­т­ің­нің бары, ба­ла­­ларың­ның көрін­ген босағада тен­­ті­ре­мей өз ал­дарына үй болып ке­ту­лері үшін мүм­кіндіктің кө­птігі ер­тең­ге деген сеніміңді нықтай түседі.

Елбасының аз қамтылған көп балалы отбасылардағы әр балаға берілетін жәрдемақы мөлшерін 21 мың теңгеге жеткізіп, пәтер сатып алудың қолжетімділігі артуына жағдай жасауы – әлеуметтік саясаттың ұтымды тұсы деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Әбішұлы: «Табы­сы төмен көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қам­тылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арт­тыру қажет», деп тапсырды. Шыны керек, балаларымыз ауыл мектебін бітіргеннен кейін қалаға оқуға кетеді, ал бейтаныс ортада пәтер жалдап күнелтудің өзі оңай емес. Тұрғын үйге байланысты жаңалықтар сол үшін де көпшілікті қуантып отыр.

Жаңа әлеуметтік саясат демо­­графиялық ахуалдың жақ­саруына да ықпал етері анық. Жергілікті атқарушы билік тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қолдау шараларына да көңіліміз толады. Күні кеше облыс халқы алдында есеп­тік кездесу өткізген өңір бас­шысы Нұрлан Ноғаев «Іскер ана» жобасының бастау алға­нын мәлімдеді. Әлеуметтік осал топтағы жастарды қоғам өмі­ріне араласуға бейімдейтін жоба­лар да дайындалыпты. Жұмыс­сыздық мәселесі шешімін тауып келеді. Осының бәрі мен секілді көп балалы аналар үшін әрине қуаныш. Ертеңге деген сенімімізге селкеу түсірмей, қолдау көрсетіп отырған Ел­ба­сы­мызға алғыс айту күнінде аналық жүрегіммен ризашы­лығымды білдірсем деймін.

Майра ҚҰРАСОВА,

«Алтын алқа» иегері

Атырау облысы, Исатай ауданы