01 Наурыз, 2019

Еңбектері оң бағаланды

663 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Білім және ғылым министрінің қатысуымен 2018 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайын өткізілетін конкурсқа республикамыздың 80 жоғары оқу орнынан 481 үміткер қатысты. 

Еңбектері оң бағаланды

Еліміздің 43 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды. Олардың қатарында 36 ғылым докторы, 133 ғылым кандидаты, 29 PhD докторы, 2 магистрант бар.

«Болашақ кілті өскелең ұрпақтың қо­лында. Олардың бойына білім нәрін сіңіріп, ізгі­лік нұрын таратушы – сіздер. Мұраты биік мұғалімдер қауымына қажырлы еңбегі үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Бә­ріңізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін», деді Білім және ғылым вице-ми­нистрі Талғат Ешенқұлов.

Байқауға қатысқан оқытушылардың ғы­лыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Оның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару, кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың болуы ескерілді.

Аталған грант жоғары оқу орын­дары­ның оқытушыларына ғылыми-зерттеу жұ­мыстарын жүргізу үшін және білік­ті­лік­терін арттыруға әлемнің жетекші универ­ситет­терінде тағылымдамадан өтуге мүм­кін­дік береді. 

Рауан ҚАЙДАР,

«Egemen Qazaqstan»