01 Наурыз, 2019

Серік Қонақбаев: Ауқымды міндет жүктелді

1206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Серік Қонақбаев: Ауқымды міндет жүктелді

Алдымен барша қазақстандық­т­ы партия­мыздың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Шын мәнін­де, осыдан 20 жыл бұрын, 1999 жылы 1 наурызда біз – Президенттің сенімді өкілдері, штаб басшылары аянбай тер төгіп, ауқымды саяси іске бел шеше кірістік. Қазір, міне, сол еңбектің жемісін көріп отырмыз. 

Ал бүгін Мемлекет басшысы жүк­теген тапсырмаларды абыроймен, уақытында және сапалы орындай ал­сақ, еліміздің еңсесі көтеріле түспек. Атап айтқанда, соңғы уақыттары қоғам ішінде қызу талқыланып жатқан әлеу­меттік мәселелерді Мемлекет басшы­сы тапсырғандай еңсеруіміз керек. Оның ішінде көп балалы отбасыларға, жағдайы төмен азаматтарға нақты көмек көрсетуді бұлжытпай орындау партия мүшелеріне артылған зор жауапкершілік деп есептеймін. Бұл тек әлеуметтік-экономикалық мәселе ғана емес, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болады. Сон­дықтан алдағы уақытта Үкімет пен өңірлердегі әкімдер Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасын мүлтіксіз және шапшаң орындауы керек. 

Серік ҚОНАҚБАЕВ,

Мемлекет және қоғам қайраткері