Күрес • 01 Наурыз, 2019

Екі қазақстандық балуан Болгариядағы турнирдің финалына өтті

188 реткөрсетілді

Күрес түрлерінен Болгарияда өтіп жатқан «Дан Колов – Никола Петров» халықаралық турнирінде екі қазақстандық балуан финалға жолдама алды деп жазады Olympic.kz. 

Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Қорлан Жақанша финалда ресейлік Витали Кабалоевпен белдеседі. Жартылай финалда Қорлан өзінің командаласы Аманғали Бекболатовты 9:4 есебімен жеңген болатын. 

Қола медаль үшін өтетін кездесуде Бекболатов болгариялық балуан Мирчев Ивановпен жолығады. 

Кеше «классиктер» арасынан кілемге шыққан Әділхан Сатаев (63 келі), Мирас Баршылықовтар (82) жеңіліс тапса, Мақсат Ережепов жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды. 

Еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаев Болгариядағы турнирде 61 келіде бақ сынауда. Ол жартылай финалда АҚШ балуаны Джозеф Даниель Колонды 13:2 есебімен жеңіп, ақтық сында үндістандық Сандип Томармен алтынды сарапқа салатын болады. 

Әйелдер күресінен 72 келіде сынға түскен Жәмиля Бақбергенова қола медаль үшін  неміс қызы Мария Селмайерге қарсы күреседі. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Менің атым Қожа» – Лондонда!

Руханият • Бүгін, 12:09

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Руханият • Бүгін, 09:42

«Ролан Гаррос» басталды

Теннис • Бүгін, 09:37

Ғылымға бетбұрыс

Қоғам • Бүгін, 09:12

Капитан қызы – Маша

Руханият • Бүгін, 08:57

Интернет қатерлері

Қоғам • Бүгін, 08:53

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • 25 Мамыр, 2019

Ұқсас жаңалықтар