Екінші жыл өткізілген педагогикалық олимпиадаға өңір мектептерінің 11 сынып түлектері қатысты. Үміткерлердің бірі–Шал ақын ауданынан келген Жібек Әміржанова болашақ өмірін медицинамен байланыстырмақ. Биология-химия пәні бойынша тесттен мүдірмей өтіпті. Оның жазған эссесі жоғары бағаланып, нәтижесінде осы конкурсқа қатысуға жолдама алыпты.
Талапкерлер бірінші кезеңде «Мен не үшін педагог мамандығын таңдаймын?»деген тақырып бойынша эссе жазса, екінші кезеңде негізгі мамандықтар шеңберінде шығармашылық тапсырмаларды орындады.
«Foundation» факультетінің деканы Жұмағали Әшімовтың айтуынша, 300-ге жуық өтінім келіп түскен. Олардың арасынан 200 оқушының жұмысы іріктеліп алынған. Олимпиада қазіргі қоғамдағы педагог кәсібінің беделін арттыру, студенттердің интеллектуалдық қарым-қабілеттерін ашу, сондай-ақ орта және жоғары білім берудің өзара әрекеттесу жолдарын кеңейту мақсатын діттеген.
Білім сайысының қорытындысы бойынша 10 оқушы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының грантына, 10 оқушы 40 процент, 10 оқушы 20 процент жеңілдікпен білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы