20 Қаңтар, 2012

Мұндай сайлау бұрын-соңды болған емес

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мұндай сайлау бұрын-соңды болған емес

Жұма, 20 қаңтар 2012 7:20

УТРО.ru. Қазақстан Парламенті төменгі палатасына өткен сайлау ресми тұрғыдан мойындалды. Оның нәтижелері сайлау үдерісі аяқталғаннан кейін көп ұзамай-ақ жария етілді.
Дауыс беруге келген сайлаушылар саны бүкіл кәмелет жасындағы тұрғындардың 75 пайыздан астамын құрады. Мұны айтарлықтай жоғары деңгейдегі белсенділік деуге болады.

Жұма, 20 қаңтар 2012 7:20

УТРО.ru. Қазақстан Парламенті төменгі палатасына өткен сайлау ресми тұрғыдан мойындалды. Оның нәтижелері сайлау үдерісі аяқталғаннан кейін көп ұзамай-ақ жария етілді.
Дауыс беруге келген сайлаушылар саны бүкіл кәмелет жасындағы тұрғындардың 75 пайыздан астамын құрады. Мұны айтарлықтай жоғары деңгейдегі белсенділік деуге болады.

«Нұр Отан» партиясы 81 пайызға жуық дауыс жинады. «Ақ жол» партиясы мен Қазақстан Коммунистік халық партиясы да 7 пайыздық табалдырықтан аттап, Парламенттің төменгі палатасына өз өкілдерін жіберетін болды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп мәлімдеді: «Бұл сайлау жариялылығы, ашықтығы және әділеттігі бойынша бұрын-соңды кездеспеген сайлау болды. Қазақстан күллі әлем алдында демократиялық даму жолымен ырғақты түрде алға жылжып келе жатқанын кезекті мәрте дәлелдеді».
Н.Назарбаевтың атап өткеніндей, «Нұр Отанның» жақсы нәтижесі – бұл партияның жеке өзінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл халықтың жеңісі. «Біздің азаматтарымыз тұрақтылық, тыныштық, толеранттылық, көп ұлтты халықтың достығы үшін дауыс берді», деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, «тіпті Жаңаөзендегі оқиғалардың өзі адамдарды бұрынғыдан бетер топтастыра түсті. Бұл қазақстандықтардың тұрақтылықты сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді».

АРГУМЕНТЫ и ФАКТЫ. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы байқаушылар миссиясы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысындағы дауыс беру үдерістерінде ешқандай заң бұзушылықтарды байқаған жоқ және сайлау учаскелерінің жарақтандырылу деңгейін жоғары бағалады.
«Әрине, Қазақстан сайлауға өте жақсы дайындықпен келді. Барлық сайлау учаскелері қажетті құрылғылармен жабдықталған. Сайлау учаскелеріндегілер – тәжірибелі адамдар, олардың жүздерінен жылы леп еседі», деді миссия басшысы ресейлік сенатор Александр Торшин Астанада өткен брифинг кезінде.
«Бүгін біз бірқатар сайлау учаскелерінде болдық. Біздің бай­қаушыларымыздың деректеріне сүйенсек, учаскелердің барлығы уақытында ашылған», деді ресейлік депутат. Сондай-ақ ол сайлаушылар белсенділігін айтарлықтай жоғары деп сипаттады.