03 Наурыз, 2019

Ұлттық арнадағы «SHAŃYRAQ» ток-шоуы жаңа жүргізушілермен жаңа форматта шығады

1103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 наурыздан бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнасында тікелей эфирде өтетін «SHAŃYRAQ» ток-шоуы жаңа жүргізушілермен, жаңа форматта көрерменге жол тартады. 

Ұлттық арнадағы «SHAŃYRAQ» ток-шоуы жаңа жүргізушілермен жаңа форматта шығады

Бұның алдында отбасылық шоу болып келген «SHAŃYRAQ» жобасы енді отбасылық-әлеуметтік шоуға айналмақ. Яғни, әр бағдарламада белгілі бір отбасылық мәселе талқыланып қана қоймай, арнайы зерттеулер жүргізіліп, әр мәселенің шешімі табылып іске көшу отыратын болады.

«SHAŃYRAQ» ток-шоуының жаңа жүргізушілері, белгілі журналистер - Нартай Аралбайұлы мен Мейрамгүл Мәдәлі болмақ. Сондай-ақ, жобаға қонақтардан басқа, көрермендер қатысып, әр тақырыпты жүргізушілермен бірге талқылап, өз ойларын жеткізетін болады. 

Жобаның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, әр отбасыдағы әлеуметтік мәселелердің шешімін тауып, қол ұшын беру.

«SHAŃYRAQ» ток-шоуының бірінші шығарылымының қонағы көп балалы ана болмақ. Жобаның алғашқы қонағын қандай тосын сый күтіп тұрғанын 4 наурызда көре аласыздар.

Отбасылық-әлеуметтік «SHAŃYRAQ» ток-шоуын «Qazaqstan» ұлттық арнасынан дүйсенбі-жұма аралығында 14:25-те тамашалай аласыздар!