04 Наурыз, 2019

Қазақстандық банк іскер әйелдерді қолдау мақсатында иіссу шығарды

1445 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан халқының 8,7 миллионға жуығы – аналар, сүйікті жар, мейірімді отанасы, отбасы мен шаңырақты сақтаушы әйелдер. Нәзік жандылардың ел болашағына қосқан үлесі өте зор, олар экономика саласына белсенді үлес қосуда. Еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігі қарқынды дамып келеді, ханымдар басшылығымен кәсіпорындар іске қосылып, балабақшалар ашылып, өндіріс орындарының жұмысы жолға қойылуда. Ал әйелдер бизнесін қолдау үшін банктер бірегей бағдарламаларды қолға алған. Соның ішінде несиелік ұсыныстардың тиімділігін атап айтуға болады.

Қазақстандық банк іскер әйелдерді қолдау мақсатында иіссу шығарды

2016 жылдың желтоқсаны мен 2017 жылдың мамыр айларында ForteBank Еуропалық қайта құру және даму банкінен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жалпы көлемі 10 миллион доллар алды. Бұл қаражат 6 ай ішінде толық игерілді. Ал 2018 жылы қаржы ұйымы кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында ForteBusiness Woman бірегей бағдарламасын әзірлеп, іскер ханымдардың 540 жобасына демеушілік жасады. Банктің шағын және орта бизнеске берілген несиелерінің үштен бір бөлігі әйелдерге тиесілі.

"Қазақстанның ІЖӨ 39,5 пайызы, шағын және орта бизнесінің 43 пайызы әйелдердің еншісінде, ал жеке кәсіпкерлердің 52 пайызын нәзікжандылар құрайды. Біз ел дамуына әйелдердің қосқан үлесі қаншалықты зор екенін және ForteBank кәсіпкерлерді белсенді қолдайтынын жұртшылықтың түсінгенін қалаймыз", – деп атап өтті ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Бизнес-ледилерді қолдау үшін ForteBank "Бизнес – әйелдердің де ісі" жобасын жасап, Forte pour Femme — "Мықты әйел" хош иіссуын шығарды. Ақпан айының соңғы аптасында біз бизнестегі әйелдер тапқан ақшаға иіссу шығарып, ForteBank банкоматтары мен кассалары арқылы айналымға жібердік. Сондай-ақ, іскер әйелдердің бизнес кассаларында қолма-қол ақшаға сатуға қойылды. Бұл бастаманы 105 сату нүктесі бар 43 кәсіпкер ханым қолдады және олардың саны өсу үстінде.

Жарнама науқанының мақсаты – әйелдерді өз ісін ашуға және дамытуға серпін беру, ынталандыру. Ол үшін ForteBank бірнеше танымал кәсіпкер әйелді манифест-бейнероликтің кейіпкері ретінде шақырды. Түсірілімдерге: "Қағанат" асханалар желісінің негізін қалаушы Чинара Бугимбаева, TAKITA маркетингтік агенттігінің негізін қалаушы Зинаида Пак, FILO пәндік дизайн студиясының негізін қалаушы Анастасия Леонова, Mimioriki балалар киімдері брендінің негізін қалаушы Инна Апенко, Saniya Ilyassova сұлулық салондары желісінің негізін қалаушы Сания Ильясова, Рentatonica киімдер дүкенінің негізін қалаушы Кира Майшева, fashion-продюсер және брендінің негізін қалаушы Динара Сәтжан, «АРДА» балалар футбол мектебінің ортақ иегері Назым Жанғазинова, «Ақ әлем» тазалау компаниясының негізін салушы Ақмарал Басирова, «Аружан және Ко» продюсерлік орталығының негізін қалаушы Аружан Саин, PIPL консалтингтік бюросының негізін қалаушы Мари Мустафина, «SK Boxing » бокс мектептері желісінің негізін қалаушы Аяла Қонақбаева.

Бейнероликті мына сілтеме бойынша көруге болады. Сондай-ақ қазақстандық бірқатар телеарналар эфирінде көрсетілді.

"2019 жылы ForteBank әйелдер басқаратын компаниялар үшін арнайы бірнеше өнім шығарады. Біз әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Сондықтан қазір нақты бизнес-ледилердің пікірін жинаймыз және олардың ұсыныстары мен идеялары бойынша қажетті және ыңғайлы өнімдер жасаймыз", деп түсіндірді банк басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.