Әлем • 04 Наурыз, 2019

Апта жаңалығы: АҚШ – КХДР саммиті

1907 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптадағы басты жаңалықтың бірі – АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы саммит болды. Жиын барысында КХДР-дың ядролық қарудан бас тарту мәселесі талқыланды.

Апта жаңалығы: АҚШ – КХДР саммиті

Карикатура авторы: Айдарбек Ғазизов

Бұған дейін Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамппен екінші күні кездесуде ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Қос басшы да дөңгелек үстелде пікір алмасып, ядролық қарудан бас тартуға қатысты ортақ шешімге келуге тырысты.

«Ядролық қарудан бас тартуға дайынсыз ба?» деген журналистердің сұрағына Ким Чен Ын: «Егер мен дайын болмасам, мұнда келмес едім», деп жауап берген. Алайда, Солтүстік Корея басшысы ядролық қарудан бас тартуды қалай жүзеге асыратынын және қандай шаралар қолданатынын ашып айтпады.

АҚШ өз тарапынан КХДР-дің ядролық қарудан толығымен бас тартқанын, ал КХДР бүгінде АҚШ-тың азиялық одақтастарын – Оңтүстік Корея мен Жапонияны – қорғап тұрған  ядролық қалқанынан бас тартқанын қалайды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20