Қазақстан • 05 Наурыз, 2019

Fly Arystan авиакомпаниясы қашан іске қосылады

1501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл бірінші жартыжылдықта Fly Arystan авиакомпаниясы іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты. 

Fly Arystan авиакомпаниясы қашан іске қосылады

«Азаматтық авиацияда көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалады. Мәселен, 2018 жылы транзиттік жолаушылар саны 900 мың адамға жетті. Бұл 2017-ші жылғыдан 45%-ке жоғары (2017 ж. – 620 мың адам). 2020 жылы транзиттік авиажолаушылар саны 1,6 млн. адамға жетеді деп отырмыз», деді Министр.

Сонымен қатар Министр биыл бірінші жартыжылдықта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұңғыш ұлттық бюджеті төмен Fly Arystan авиакомпаниясын іске қосу жоспарда бар екенін айтты.

«Бірінші жылы «Эйр Астана» авиакомпаниясымен салыстырғанда 1 миллионға жуық жолаушыны 2 есе төмен бағамен тасымалдау жоспарлануда. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Министрлік биыл «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірлесіп Жапония, Нью-Йорк, Шанхай бағыттарында және әлемнің басқа да ірі қалаларына әуе қатынастарын ашу шараларын қабылдайтын болады».

Министр Роман Скляр биыл  АҚШ-қа ұшу үшін аккредиттеу рәсімдерін бастайтынын айтты.

«Министрлік Қазақстан мен АҚШ арасында Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасын даярлады, оған биыл наурыз айында қол қою жоспарлануда», деді ол.