Жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының өрендері алдарына жан салмады. Олар 4 алтын, 3 күміс және 3 қоланы қоржынға салды. Атыраудың арландары екінші орынға тұрақтады. Жарыс қожайындары 3 алтын, 2 күміс және 2 қоланы олжалады. Үшінші орында – Шығыс Қазақстан облысы. Олардың еншісінде – 2 алтын, 1 күміс және 7 қола.
Жекелеген салмақ дәрежелері бойынша мына дзюдошылар жеңіс тұғырының ең биік сатыларына көтерілді:
Ұлдар – Ұлықбек Әбілқайыр (55 кило), Болат Біләл (60 кило), Ермек Амангелді (66 кило), Айбар Мұқышев (73 кило), Шынтас Серікболсын (81 кило), Қуандық Стамполов (90 кило), Айбек Ізтелеуов (100 кило) және Бибарыс Әбдіғани (+100 кило).
Қыздар – Құлым Сара (44 кило), Ғалия Тынбаева (48 кило), Нұрсұлу Ерәлиева (52 кило), Меруерт Сәрсенова (57 кило), Саера Мырзахметова (63 кило), Ақерке Құлаш (70 кило), Маргарита Гриценко (78 кило) және Ақерке Рамазанова (+78 кило).
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»