Аймақтар • 05 Наурыз, 2019

Қорғастағы сауда орталығында Қазақстан-Қытай жәрмеңкесі өтеді

1084 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

Алдағы мамыр айында отандық кәсіпкерлерге Қытай нарығына шығуға үлкен мүмкіндік туғалы отыр. Бұл туралы БАҚ өкілдері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында ұйымдастырылған баспасөз брифингінде егжей-тегжейлі хабардар болды.

Қорғастағы сауда орталығында Қазақстан-Қытай жәрмеңкесі өтеді

Бұл күндері «Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінде орналасқан Qaz Luimiere жаңа сауда орталығының құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 6500 шаршы метрді құрайтын гипермаркет 2019 жыл 1 мамыры күні ресми түрде ашылады.

Осы айтулы оқиға орай, 1-15 мамыр арылығында Қазақстан-Қытай жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.

Қазірдің өзінде қазақстандық орталықта Грузия (арақ-шарап өнімі), Украина (былғары өнімдері), ҚХР (косметика) кәсіпкерлері орналасып үлгерді.     Ал өз өнімдерін Қытай нарығына шығаруды көздейтін отандық кәсіпкерлерімізге жалға алудың айырықша шарттары алдағы жәрмеңкеде түсіндіріліп, 1-15 мамыр аралығында Қазақстан-Қытай жәрмеңкесі күндері жүзеге асады. Осы кезеңде кәсіпкерлер өз бренді қойылған көрме стендін (150 000 теңге) алу үшін ғана шығындалмақ.

«Бұл көрме кәсіпкерлерге «Қорғас» ШЫХО мүмкіндіктерін көріп, байқау үшін өткізіліп жатыр. Кәсіпкерге нарықты талдауға, яғни қай жерде бағдарлану керектігіне және жеке тауарға сұранысты бағалау жүргізуге мүмкіндік беріп отырмыз. Ары қарай біз көрмені жарнамалау мақсатында Қытай тарапынан жарнама агенттігін жұмылдырамыз. Көрменің өзінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Бұл Қытай нарығына шығудың бірігей мүмкіндігі. Өндірушілер «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына тауарларын жеткізіп, көрме стендін сатып алудан басқа шығындалмайды. Жалға алушыларға келетін болсақ, әрқайсысын жеке қараудамыз, жалға алынып жатқан орынжайдың көлеміне қарай жеңілдіктер, жеңілдік кезеңдері қарастырылған. Барлық өндірушілермен, ұйымдармен іскерлік қарым-қатынасқа дайынбыз», – деді «Qaz Lumiere» сауда орталығының атқарушы директоры Нариман Закирьянов.

Көрмеге Қазақстан, ТМД елдері және жақын шет ел тауар өндірушілері қатысуға шақырылады. Qaz Luimiereарнайы экономикалық аймақта орналасуы қазақстандық бизнеске – арнайы салықтық режимге сәйкес салық төлемдерін жасамай кәсіпкерлік қызметті жүргізуге мүмкіндік береді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Панфилов ауданы