Депутаттар кездесулерде «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы белгілеген маңызды мақсаттар мен әлеуметтік бастамалар туралы айтып берді. Жұртшылық өкілдері тарапынан қойылған ауылдық жердегі тұрғындарға шағын несие беру, білім беру мен денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап беріп, осы кезге дейін атқарылған және алдағы заң шығару жұмыстары туралы хабардар етті.
Ауыл тұрғындары Елбасының азаматтардың әл-ауқатын арттыру туралы тапсырмаларын іске асыру жолдарына назар аударды. Өзекті мәселелер туралы сауалдарына жауап алған әулиекөлдік азаматтар Президент Н.Назарбаевтың әлеуметтік саясатын қолдайтындарын жеткізді.