«Қазіргі бар инфрақұрылым өсіп жатқан ағынды біркелкі және жедел өткізуге мүмкіндік бермейді. Мысал ретінде Қазақстан-Өзбек шекарасында туындаған ахуалды келтіруге болады. Қазақстан тарапындағы өткізу пункттерінің алдында күн сайын тәулігіне 70-тен 300-ге дейін автокөлік құралдары жиналып қалуда, тасымалдаушылар кезекте 3 тәулікке дейін тұруға мәжбүр», дейді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, өткізу мүмкіндігін ұлғайту үшін Қаржы министрлігі «Эталондық өткізу пункті» тұжырымдамасын әзірледі.
«Осы Тұжырымдамаға сәйкес қазақстандық өткізу пункттерін қозғалыс ағынын (қозғалыс бағыттары қиылыспайтындай) міндетті түрде ажыратып бөле отырып жайластыру жоспарлануда. Көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалуы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздері орнатылатын болады», дейді министр.