Отырар ауданында болған тұрғындармен кездесуде көпбалалы отбасылардың балаларына төленетін жәрдемақыны алу жолдары туралы жан-жақты айтылды. Съезде қабылданған бағдарламалардың негізгі бағыттарына тоқталған сенатор: «Әлеуметтік жағдайды көтеруге бағытталған бағдарламаның нәтижесі алдағы уақытта көріне бастайды», - деп атап өтті.
Сенат депутаты жиынға қатысқан атқарушы орган басшылары мен мәслихат депутаттарына осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Қойылған сауалдарға жауап берген сенатор маңызды ұсыныстарды депутаттық сауалда мазмұндалып, үкіметке жіберілетінін атап өтті.
Кездесу барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Кизбай, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Мұсатаева және аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Бейсенова көп балалы аналар жағдайы, білім саласы және аудандағы әлеуметтік нысандар бойынша хабардар етті.
Сенат депутатымен кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтері мен кенттері әкімдері, шаруа қожалықтардың төрағалары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, білім, денсаулық саласының мекемелері мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.