Аймақтар • 06 Наурыз, 2019

Тұрмысыңды табысыңмен шектейтін кез келді

1070 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

 

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанның 13 миллионға жуық тұрғыны табыс пен мүлік бойынша жыл сайын декларация өткізетін болады

 

Тұрмысыңды табысыңмен шектейтін кез келді

Декларацияны Қазақстанның барлық  кәмілеттік жасқа толған тұлғалары, этникалық оралмандар, елде тұруға рұқсаты бар тұлғалар және мүлігі мен табысы бар кәмілеттік жасқа толмағандар, Қазақстанда мүлігі бар немесе компанияларға қатысу үлесі бар шетелдік азаматтар өткізеді.

Есепті 15 шілдеге дейін қағаз түрінде немесе 15 қыркүйекке дейін электронды түрде өткізуге болады.

Республикалық Кәсіпкерлерге Көмек Орталығының директоры  Дмитрий Казанцев табыс пен мүлік туралы декларацияда құны 500 000 теңгеден  асатын және болашақта сатуыңыз ықтимал нәрселерді көрсетуі тиіс екенін айтты.

«Бұл бағалы бұйымдар, тондар, картиналар болуы мүмкін. Есепті қағаз  түрінде тапсыруға  және консалтингтік компаниялардың немесе таныс бухгалтерлердің қызметіне жүгінуге кеңес бермеймін,өйткені есепте конфиденциалды ақпарат көп болмақ», –дейді Дмитрий Казанцев.

Бастапқы есепте нені көрсету шарт:

- жылжымайтын мүлік туралы ақпарат – ғимараттар, жер телімдері, үйлер, пәтерлер, Қазақстан ішіндегі және Қазақстаннан тысқары жердегі саяжайлар, сонымен қатар құрылысқа қатысу үлесі;

- жылжитын мүлік туралы ақпарат – көліктер, мотоциклдер, яхталар және басқасы;

- қанша ақшаңыздың бар екендігі туралы ақпарат:қазақстандық банктерде және одан тысқары жерде  есеп-шотта, депозитте, карточкада қанша қаражаттың бар екендігі, ең бастысы, қолма-қол ақшаңыздың қанша екендігі туралы ақпарат.  2020  жылдан бастап қолма-қол ақша күйінде сақталатын қаржыға  шектеу қойылмақ. Басында ол 15 000 000 теңге болмақ;

- жеке тұлғаның  дебиторлық, кредиторлық  қарызы туралы ақпарат: нотариалды түрде куәландырылған және нотариалды түрде куәландырылмаған қолхаттар.Іс жүзінде сіз кімге қарызсыз, сол адамның ЖИН  және сізге қарыз адамның ЖИН көрсетілуге тиіс; (Теориялық тұрғыдан алғанда сізге табысты декларацияламауға болады, бірақ мына жәйтті ұғыну керек, досыңыз сізге қарыз болған 1 000 000 көрсетпейтін болсаңыз, ақша қайтарылған кезде сіз салық төлеуге тиіс боласыз. Әйтпесе салық мекемесінде  сіздің қаржыны қайдан алғандығыңыз туралы мәселе туындамақ.

- мәдени құндылықтар, бағалы бұйымдар,  атадан балаға қалатын әшекейлер туралы ақпарат (Әрине, оның бәрін көрсетпеуіңізге болады, бірақ болашақты ойлауыңыз қажет, өйткені оны  сатам, деп шешетін болсаңыз,сіздің қолыңызға ақша тиеді;)

- биологиялық  активтер туралы ақпарат. (Біреулер құны көліктен де қымбат жылқы өсіреді;

Кіріс декларациясын өткізген соң Сіз оның басқа да формаларын өткізуді жалғастырасыз: қысқа және кеңейтілген есеп. Қысқа есеп қызметкерлерге, зейнеткерлерге, студенттерге арналған, яғни оларда алынған жалақыдан басқа бір жылдың ішінде мүлігіне қатысты өзгерістер болмаған жағдайда. Сіз ештеңе сатпасаңыз, сатып алмасаңыз, бланкті бір параққа толтырасыз.

Өзгерістер болған жағдайда, мәселен, көлік сатып, пәтер алғандар кеңейтілген есеп тапсыратын болады. Кеңейтілген есепте сыйға тарту етілген және мұра ретінде қалдырылған нәрселер көрсетіледі. Сондай-ақ кәсіпкерлер де кеңейтілген есеп өткізетін болады.

Декларация өткізілмеген жағдайда немесе онда шынайы ақпарат көрсетілмесе, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (2019 жылы 75 750 теңге) айыппұл төлеу көзделген. Алайда, оның салдары бұдан да елеулі болуы ықтимал. Өйткені Сіздің  табысты жасырып қалғандығыңыз ашылып қалатын болса, салықтың (ИПН)  кем дегенде 10 пайызын сіз төлейтін боласыз.

«2020 жылдан бастап кірісті жасыру мүмкін болмай қалады. Еске сала кетейін, бүгінгі күнде талап қою мерзімі 5 жылда құрап отыр, 2020 жылдан бастап 3 жыл деп енгізу көзделген. Демек, 2023 жылы салық мекемесі сізге 2022,2021,2020 жылдар бойынша декларацияланбаған табыс пен мүлік бойынша кінәрат таға алады. Сол  себепті  2019 жылды мен адамдарды тегін оқытуға арнағым келеді, оқу «Табысты жалпыға ортақ декларациялауға қалай дайындалу керек» дейді Дмитрий Казанцев.