Саясат • 06 Наурыз, 2019

Ато Браун Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы миссиясы туралы айтты

1040 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік банк пен Қазакстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» төрт жылдық жобасының алдын-ала нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Ато Браун Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы миссиясы туралы айтты

Іс-шараға Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун және «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов қатысты.

Б. Смағұлов жалпы және осы жобаға энергия үнемдеудің мемлекеттік саясатын іске асыруда Институттың рөлі туралы айтты.

«Жобаны іске асыру аясында бюджеттік энергия тұтыну шығындарын айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізуді көрсету үшін 85 әлеуметтік нысанды, соның ішінде 42 мектеп, 23 балабақша, 12 медициналық мекеме, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 8 көшені жарықтандыру бойынша энергия тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде», - деді Жобаның  атқарушы орган басшысы Бауыржан Смағұлов.

Сонымен қатар, ол жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже мен қол жеткізген нәтижелер туралы мысал келтірді. Атап айтқанда, «Энергетикалық мониторинг нәтижелері бойынша жылумен жабдықтауға арналған жыл сайынғы үнемдеудің орташа мөлшері 30% және электр энергиясына 15% құрайды. Мәселен, Қарағандыда №17 орта мектепте энергияны тұтынудың жалпы көлемі жылына 19% -ті құрады, бұл жылына мемлекет бақржысын 1 млн теңгеге үнемдеді. Әулиекөл орталық округі ауруханасын жаңғырту жылына 17 млн. теңгеден астам коммуналдық шығындарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Қарағанды ​​облысы Саран қаласындағы 212 көшені жарықтандыру құралдарын ауыстырғаннан кейін жыл сайынғы жоғары үнемдеу шамамен 60%-ке жеткізілді, ол қаржы 1,8 млн. теңгені құрайды».

Ато Браун Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы миссиясы туралы «Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтты. «Жоғары энергетикалық қарқындылық елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігі денсаулық сақтау және қоршаған орта үшін елеулі шығындарға алып келеді. Осы жобаның көмегімен экономикалық тиімді модернизациялау әкімдіктерге көміртегі шығарындыларын азайтуға байланысты ауа сапасын жақсартуға көмектесетінін, сондай-ақ энергия шығынын төмендету арқылы бюджетке айтарлықтай үнемдеуді көрсетуге тырысамыз».

Біз атқарып жатқан жұмысымыздың нәтижесін, жаңартылған нысандарда айналысатын балаларды, олардың ұстаздары мен ата-аналарынан жақсы пікірлер аламыз. «Қазіргі уақытта 50 мыңнан астам бала мен осы мекемелердің қызметкерлері   сумен жабдықтау және жарықтандыру жүйесі жақсартылған қолайлы жағдайда жұмыс істейді», - деді Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун.

Сөз соңында Ато Браун Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдаудың кезекті қадамдары туралы ойымен бөлісті.