-Біздің өмірде жақсы көретін алғашқы адамымыз - әрине, ана. Бұл махаббат өмір бойы сақталатын ең табиғи және риясыз сезім. Көптеген ақындар, жазушылар мен суретшілер осы тақырыпқа өз шығармашылықтарын арнаған. Біреулерін анамен қарым-қатынастың жоғалған бақыты туралы мәселе мазаласа, ал басқалары балалық кездерінде жасаған істерін әзілмен еске алған. Бірақ бұл шығармалар жалпы көңіл-күймен ерекшеленеді. Ана-өмірдің негізі, махаббат пен үйлесім және сұлулықты түсінудің бастауы,-деді Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің бөлім жетекшісі Лаура Шинжина.
Студия оқушыларының жұмыстарының арасында акварель мен гуашь орындалған шығармалар табуға болады. Сондай-ақ, студияның тәрбиеленушісі Ксения Стопычева линогравюраның күрделі техникасында жұмыс істесе, Милена Моисеенко өзінің сюжетін матаға жазу арқылы іске асырды. Көптеген балалар өз суреттерінде әр түрлі материалдарды, атап айтқанда акрил, пастель, түрлі-түсті қарындаштар байланыстыр білді.
-Жас суретшілер барлық аналарды мерекелерімен құттықтай отыра, ең нәзік, жарқын және жаңа көктем бейнелерінің вернисажын өткізе білді. Суреттері тарихи деуге болады. Олардың арасында өткен жүз жылдықтардан келген ханымдар да, жас авторлардың жеке естеліктері де бар, - дейді Лаура Шинжина.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
«Егемен Қазақстан»
Семей