Осы арқылы «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын жүзеге асыруға тағы бір қадам жасалды.
Жиын барысында сөз алған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов «жедел орталық құру елдің ұлттық цифрлық кеңістігінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге кешенді тәсілді қалыптастыруға ықпал ететін болады» деп атап өтті.
Енді орталық интернет-ресурстарға, ақпараттық жүйелерге және басқа да ақпараттық технологияға қатысты мынадай функцияларын орындайтын болады:
- Ақпараттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерін анықтау, бағалау, болжау, оқшаулау, бейтараптандыру және алдын алу;
- Ақпараттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерін анықтау, жол бермеу және тергеу бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі;
- Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен жағдайлары туралы мәліметтерді жинау, топтастыру, талдау және сақтау;
- Ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін, меншік иелеріне немесе иеленушілерге, оның ішінде қауіпсіздік қатерлері, бағдарламалық қамтамасыз етудің, жабдықтар мен технологиялардың осалдықтары, қатерлерін іске асыру тәсілдері, оқыс оқиғаларының пайда болу алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және салдарларын жою әдістері туралы ақпарат беру;
- Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының «электрондық үкімет» мониторинг орталығына Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын журналдау жүйесін қосу.