Айта кетейік, маусым аяқталысымен «Тобыл» жаттықтырушысы Омари Тетрадзе оның командада қалмайтынын айтқан. Содан бері Жұмасқалиев «Алтай» сапында жаттығып жүрген. Ал бүгін келісімшарт жасағаны белгілі болды.
Нұрболмен бірге семейліктерге «Тараз» бен «Жетісудан» Александр Григоренко мен Артем Касьянов ауысты. Сонымен қатар, өткен маусымда «Оқжетпесте» сұрмергендігімен танылған Жасұлан Молдақараев та Премьер-лигаға биыл ғана жолдама алған ұжымның қатарына қосылды.