№12 қалалық емхана Ильинкада, Үркер тұрғын алабында тұратын қалалықтарды 13 наурызда сағат 11:00-де Ильинка, Белқарағай көшесі, 1 үй (3-ші қабаттағы акт залы, 2-ші қабаттағы холл) мекен жайы бойынша өтетін ашық есік күніне шақырады.
Анықтама телефоны: 8(7172) 505209). Пациенттерді емхананың бас дәрігері Ғайса Кусаинов қабылдайды. Ол емхананың 2018 жылы атқарған қызметі мен емхананың даму болашағы туралы баяндап бермек.
Мамандар, азаматтардың қалауы бойынша қандағы холестерин, глюкоза деңгейін өлшеп, бой/салмақ, дене салмағының индексін анықтайды. Қажет болған жағдайда, тұрғындар хирург, педиатр, онколог, маммолог, гинеколог, терапевт сияқты дәрігерлердің кеңесін ала алады. Сондай-ақ УДЗ зерттеуінен және ЭКГ-дан өту мүмкіндігі де қарастырылған.