13 Наурыз, 2019

«Лесная поляна» тұрғын үй алабына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалыс бағыты өзгерді

947 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық көліктердің қозғалысы тұрғын үй алабына апарар жолдың су астында қалуына байланысты  өзгеріп отыр деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 «Лесная поляна» тұрғын үй алабына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалыс бағыты өзгерді

12 наурызда сағат 17:00-ден бастап № 302, 303 және 320 бағдарлардың қозғалысы «Лесная поляна» тұрғын үй алабын су басуына байланысты өзгертіледі.

«Бағдарлар тұрғын үй алабына кірмей, Республика даңғылының бойымен қозғалатын болады», – делінген  «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі таратқан хабарламада.