Бокс • 13 Наурыз, 2019

Астанада бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Лондон Олимпиадасының қола медаль иегері Марина Вольнованың жүлдесі үшін Астанада халықаралық турнир басталды. Қыздар арасындағы бокс додасына бес елден спортшылар қатысуда деп хабарлайды Olympic.kz. 

Астанада бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

Атап айтар болсақ, Вольнованың жүлдесі үшін өтетін жарыста Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан және Украинадан 88 спортшы жүлдеге таласпақ. 

Турнирдің ашылу салтанатында Вольновадан бөлек Бақтияр Артаев пен Серік Сәпиевтер де бой көрсетті. 

«Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Сол сынға дайындық қазірден басталып кеткені рас. АІВА әйелдер боксындағы салмақ дәрежелерін көбейтіп жатыр. Бұл да үлкен жетістік. Өйткені, бүгінге дейін бізге үш салмақта ғана Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін. Енді квота саны көбеймек. Өте қуаныштымын»,- дейді Вольнова