Қазақстан • 13 Наурыз, 2019

Gmail жұмыс істемей қалды

1280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Google компаниясы техникалық қиындыққа тап болды. Қолданушылардың айтуына қарағанда, Gmail, Google Drive және Google Maps қызметі дұрыс жұмыс істемей тұр. 

Gmail жұмыс істемей қалды

The Guardian басылымының мәліметіне сүйенсек, техникалық қиындық Астана уақыты бойынша 8:00-де басталған көрінеді. Google компаниясы аталған мәселенің бар екенін растап, қазіргі таңда оны жоюды қолға алғанын мәлімдеді. 

«Gmail қызметіне қатысты мәселелерді тексеріп жатырмыз. Алдағы уақытта толыққанды ақпарат береміз. Қиындыққа тап болған қолданушылар Gmail-ға кіре алады, бірақ қателік жөніндегі хабарламалар секілді күтпеген мәселелерді көруі мүмкін», делінген компания таратқан мәлімдемеде. 

Айта кету керек, әлем бойынша Gmail поштасын пайдаланатын миллиардтан астам адам бар. Техникалық қиындыққа тап болған қолданушылар хат жіберу секілді қызметтерді жасай алмаған. 

Бұдан бөлек, Google карта және Google Drive қызметтерін пайдалану барысында түрлі қиындықтар кездескен. Мәселен, Drive-қа сурет жүктеу мүмкін болмай тұр. Алайда кейбір қолданушылар ешқандай мәселеге кезікпегенін хабарлаған.