Жиын барысында сөз алған Жоғарғы сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов жаңа сот судьясын таныстырып өтті.
«Сіздердің қарауларыңызға Жоғарғы сот судьясы қызметіне Мейрамбек Таймерденовті сайлау туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. М. Таймерденов белгілі және тәжірибелі заңгер, прокуратура, әділет органдарында, сондай-ақ тікелей сот жүйесінде бірталай жыл еңбек етті. Судьялық қызмет еңбек өтілі 15 жылдан асады. Оның ішінде басшы судья лауазымында 11 жылдан бері қызмет атқарып келеді» деді Т.Донақов.
Палата депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.