Кездесуге PhD докторы М.Абыласимов, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, доктор, профессор А.Бухаева, заң ғылымының кандидаты, профессор М.Жолумбаев, облыстық соттың қызметкерлері, сотта тәжірибеден өтіп жатқан университеттің түлектері мен студенттері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар Ақмола облыстық сотының жұмысымен, оның ішінде сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету,азаматтарға жағдай жасау, пилоттық жобаларды енгізу, соттарда электронды технологияларды қолдануда және тәжірибеден өтуші студенттерді дайындау бойынша жұмысымен танысты.
Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек университетінің өкілдерімен әңгімелесу барысында, сот қызметкерлері ЖОО-ның студенттерінде кәсіби икемдерін қалыптастыруға көмек көрсетуді атай отырып, студенттерге кәсіби шыңдалуға, өз халқына пайдасын тигізуге және сапалы білім алуға шақырды.
Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Бухаева бекітілген меморандум және университеттің білім беру бағдарламасын дамыту жоспарының аясында одан әрі әріптестік жүргізуге ниет білдірді.
Байқал БАЙӘДІЛ,
«Egemen Qazaqstan»
Ақмола облысы