Аймақтар • 15 Наурыз, 2019

Алматыда маммологтар сүт безі обырына қарсы әйелдерді тегін қабылдайды

1081 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы сенбі күні Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының маммолог-дәрігерлері қыз-келіншектерді тегін қабылдайды, деп хабарлайды ҚазОжРҒЗИ баспасөз қызметі.

Алматыда маммологтар сүт безі обырына қарсы әйелдерді тегін қабылдайды

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында 2019 жылы 16 наурызда сағат 09:00-15:00 аралығында  «AVON» компаниясының, «Обырға қарсы біргеміз» қоғамдық қоры және ҚазОжРҒЗИ-дың ұйымдастыруымен әйелдерге арналған ашық есік Күні өтпек.

Келушілер сүт безі обырының алдын алу және ерте анықтау туралы білікті мамандардан кеңес алып, тегін тексеруден өте алады.

Бұл күні дәрігер-маммолог мамандарының тексеруі мен кеңес беруінен басқа, маммография және УЗИ кабинеттері, сонлдай-ақ, цитологиялық зертхана жұмыс жасайды.

Осы арада айта кеткен жөн, тегін тексеру тек сүт безі бойынша ғана жүргізіледі.

ҚазОжРҒЗИ мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Шағабутдинов көшесінің қиылысы.  Кеңес беру – қабылдау бөлімшесі.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ