Түркістан қаласындағы 7 000 орынға арналған стадион құрылысында да жұмыс қызу. Бұл арада жобалау-сметалық құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізіп, стадионның орын 12 000 орынға көбейту ұсынылды. Жалпы аумағы 8,3 гектарды алатын стадион іске қосылған соң 100 адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ Премьер-Министр 2020 жылы пайдалануға берілетін Конгресс-орталығы, Оқушылар сарайы, Медиа орталық құрылыстарында болды. Биыл пайдалануға берілуі тиіс тұрғын үй алаптарын және әлеуметтік мәні бар нысандардағы жұмыс барысымен танысты.
Құрылыс жұмыстарынмен танысқан Премьер-Министр қаланың даму перспективалары жөнінде кеңес өткізеді. Cелекторлық режимде оның жұмысына өңірлер әкімдері қатысып, облыс орталығында нысандарды салу бойынша ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндайтын болады.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Egemen Qazaqstan»
Түркістан облысы