Бұл күндері Норвегияның Викерсунд қаласында әлем кубогі кезеңі өтуде. Ткаченко іріктеу сынында сәтті өнер көрсетіп, жарыстың негізгі бөлігіне жолдама алды. Сондай-ақ, еліміздің жаңа рекордын орнатты. Енді еліміздегі ең үздік нәтиже Сергей Ткаченко бағындырған 199.5 метр саналады.
Осыған дейінгі рекорд Александр Королевқа тиесілі болатын (196 метр, 2008 жыл).
Әзірге, іріктек сынынан соң жапониялық Рею Кобаяси көш бастап тұр. Екінші орында австриялық Штефат Крафт, үшінші сатыда германиялық Маркус Айзенбихлер.