Виктор Радченко 1967 жылы туған. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін және Қазақ тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы «Торғайавиа» АҚ-да авиамеханик болып бастаған. 2001-2007 жылдар аралығында Арқалық қаласындағы жылу-энергетикалық орталығын басқарды. 2007-2009 жылдары Арқалық қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2009-2013 жылдары Лисаков қаласын басқарды. 2013-2014 жылдары Қостанай қаласы әкімінің орынбасары, 2014-2015 жылдары «Көкшетау жылу» ШЖҚ мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас директоры, ал 2015 жылы Ақмола облыстық энергетика-тұрғын үй-коммуналдық басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2017 жылдан қазіргі тағайындауға дейін Ақмола облысындағы Ерейментау ауданының әкімі болды.
Қостанай ауданының бұрынғы әкімі Қайрат Ахметов осыдан бұрынырақ Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалған бболатын.
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай