Қазақстан • 19 Наурыз, 2019

Ақтауда өңір басшылары мен  NCOC компаниясының өкілдері кездесті

846 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Солтүстік-Каспий Консорциумының өкілдері - Консорциум акционерлері кеңесінің төрағасы Лука Виньети, NCOC компаниясының басқарушы директоры Ричард Хоувтың қатысуымен үш жақты кездесу өтті.

Ақтауда өңір басшылары мен  NCOC компаниясының өкілдері кездесті

Жиын барысында аталмыш компания өкілдері әлеуметтік бағдарламалардың аясында екі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына инвестицияларды жалғастыруға шешім қабылдады.

- Маңғыстау және Атырау облысытраның әлеуметтік-экономикалық дамуын инвестициялау туралы қолданыстағы келісімнің мерзімі осы жылы аяқталады. Алайда, 2020-2022 жылдар аралығында Солтүстік Каспий Концорциумы өзі қызметін жүзеге асыратын аймақтардың дамуына жыл сайын 50 миллион АҚШ доллар көлемінде қаражат бөлетін болады, деді Консорциум акционерлері комитетінің төрағасы Лука Виньяти. Бұл орайда, Атырау және Маңғыстау облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы 150 миллион АҚШ доллар. Сонымен қатар, Виньяти мырза Консорциум аталған соманың қомақты бөлігі білім беру саласындағы жобаларды дамытуға жұмсалатынына үміттенетіндігін жеткізді. Қазіргі уақытта Консорциум акционерлері Өкілетті Орган – «PSA» ЖШС-сымен тиісті келісімдер бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы шешім қабылдады.

- Солтүстік Каспий жобасы тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тұрғысында Қазақстан Республикасындағы ең ірі жоба болып есептеледі. Бұл жоба Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтып, жергілікті компанияларды жұмысқа тарту арқылы экономикаға айтарлықтай үлес қосуда. Соңғы 20 жыл ішінде «НКОК» компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарында 200-ден астам әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырды. Осы жобаларға жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 620 миллион АҚШ долларынан асты. 2018 жылы Солтүстік Каспий жобасы аясында жергілікті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге 420 миллион АҚШ долларынан астам қаражат көлемі жұмсалды, бұл біздің жалпы шығындарымыздың 43%-тен астамын құрады. «НКОК» компаниясы тарапынан 2004 жылдан бері жергілікті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 14 миллиард АҚШ долларынан асты, деп атап өтті «НКОК Н.В.» компаниясының басқарушы директоры Хоув мырза. Сондай-ақ, Ричард Хоув Қашаған кен орнының Қазақстан экономикасына қосатын үлесі ондаған жылдарға созылатын игеру жобасының аясындағы пайдалану кезеңі барысында жүзеге асырылатынын атап айтты.

- Соңғы бірнеше жыл ішінде Солтүстік Каспий Консорциумы Маңғыстау облысындағы ең ірі нысандардың құрылысына қатысты. Мәселен, Ақтауда «Маңғыстау арена» спорт кешені, «Достық үйі» салынды. Қазір НКОК-ның тікелей қатысуымен бокс орталығы, Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталығы, онкологиялық орталық және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Ынтымақтастықтың барлық кезеңінде компания аймақтағы көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырды, деген Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов компания өкілдеріне Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы