«2018 жылы тұрғын үй құрылысына барлық қаржы көздерінен 1,2 трлн теңге инвестиция салынды. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 8,1%-ке жоғары. Мемлекеттің 1 теңгесіне жеке инвестицияның 6 теңгесі тартылды. 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 12,1%-ке жоғары. Барлығы 113,7мың баспана салынды», деді Министр.
Сондай-ақ Министр тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық қамтудың үлесі 9%-ке артқанын айтты.
«Биыл біз 13,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Ол 118 мың пәтер болады. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 27 мыңнан астам баспанаға мұқтаж адамдарды қамтамасыз етеді», деді Роман Скляр.