Аймақтар • 19 Наурыз, 2019

СҚО әкiмi Айдарбек Сапаровқа алғыс бiлдiрдi

635 реткөрсетілді

Облыстық әкiмдiкте Солтүстiк Қазақстан облысы активiнiң отырысы өттi. Бұл туралы СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Отырыста СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Айдарбек Сапаровты ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары қызметiне тағайындалуымен құттықтады. Өңiр басшысының айтуынша, бұл Айдарбек Сейпiлұлының жұмысына берiлген жоғары баға.

«Соңғы жылдары Солтүстiк Қазақстан облысына жақсы нәтижелер көрсетiп келедi. Агросекторға тартылған инвестициялардың 25 пайызы бiздiң өңiрдiң үлесiнде. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру жұмысы сәттi жүзеге асуда. Бұл жетiстiктерде Айдарбек Сейпiлұлының еңбегi аз емес. Үкiметте де осындай жетiстiктерге қол жеткiзедi деген сенiмдемiн» дедi Құмар Ақсақалов.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар