«5 өңірде тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны төмендеген. Олар: Астана қаласы (-35,2%), Павлодар (-52,3%), Шығыс Қазақстан (-47%), Батыс Қазақстан (-40,6%) және Ақмола (-5,2%) облыстары. Астана және Алматы қалаларында Үкіметтің жасаған меморандумдары аясында тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарлы көрсеткіштері 1,2 млн шаршы метрге азайды. Бұл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жыл сайынғы мақсатты индикаторына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін» деді Роман Скляр.
Сондай-ақ ол аталған өңірлерге құрылыс қарқынын күшейту қажет екенін атап өтті.
«Жаппай тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға инженерлік желілерді салу үшін биыл 81,7 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр. Өңірлерді қаржыландыруды бастап кеттік» деді ол.
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, осы айдан бастап қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 4,8 млрд теңге аударылған.